Өлеңдер

Өлең: Ілияс Жансүгіров («Жаңа тұрмыс»)

Келдім міне ауылға,
Ауыл жиын қоныпты.
Қонғанының мәнісі
Ауыл колхоз болыпты.
Колхозының есімін
«Жаңа тұрмыс» қойыпты.
Жұлдыз - жұлдыз қараша үй
Шиі қияқтан тоқыған,
Ауыл ада болыпты .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Міржақып Дулатұлы (Айтыс)

Бір кезде әлде қалай бір нәсілдес
Алдында көп таулардың болып кеңес.
Қазыбек Шат тауымен екеуінің
Бір үлкен арасында шықты егес.
Кәрі Шат деді: «Сақтан» Қазыбекке,
Адамға бағынбадың тіпті текке.
Үй салып, түтіндетіп етегіңе
Қиратса ағашың да бармас көпке.
Уатып тас кеудеңді темір күрек
Алтын, жез хазнаңды алар керек.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Кенен Әзірбаев (1934 жылғы слет)

[quote]Келіпті Алматыға Затаевич,
Қазақтан ән-күй жинап жүрген білгіш.
Бір мыңнан аса жазған нотасына
Сарыарқа, Орал жақта істеп жұмыс.
Халқымен ақылдасып Қазақстан
Жинаған өнерпазды әрбір тұстан.
Ақындар, әнші, күйші, артист, биші,
Оң мен сол, күнбатыс пен
күншығыстан.......[quote]
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Ілияс Жансүгіров (Кавказ)

Кап тауы - Кавказ тауы ертедегі
Жын қайнап, дәу мекендеп, ұшқан пері.
Сықылды Сайфіл Мәлік, Хасен, Мәлік
Ерлері ертегінің жүрген жері.
Қойқаптың емес пе еді жолы қиын.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Әлди, балам, әлди-ай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Әлди, бөпем, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат, бөпем,
Астыңа терлік салайын,
Үстіңе тоқым жабайын,
Ауылдан кеткен апаңды
Іздеп қайдан табайын.
Жылама, балам, жылама,
Ата-екеңді қинама!

Арша ма екен бесігі,
Ала ма екен әкесі?
Өрік пе екен бесігі,
Сүйе ме екен әкесі?
Жиде ме екен бесігі,
Жігіт пе екен әкесі?
Жылама, балам, жылама,
Ата-анаңды қинама!.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Жамбыл Жабаев (Тарас)

Украин елінің,
Украин ұлының
Мен есіттім жырлаған
Тарастайын бұлбұлын.
Днепрдің суындай,
Айдын көлдің қуындай
Жеткен менің жеріме,
Естіледі еліме.....
Өлеңдер
Толық
0 0