Өлеңдер

Өлең: Кенен Әзірбаев (Жамбыл мен Кенен)

[quote]К е н е н:
Ақынның асқан алыбы,
Халықтың болған тарихы,
Сәлем бердік о, Жәке,
Москва барып қайтқанда,
Кеудеңе орден таққанда,
Шаршап келіп тынығып,
Өз үйіңде жатқанда,
Келіп тұрмын о, Жәке,
Орденіңді құттықтап,
Қуанғаннан кеп едім.
Тәуірмісің о, Жәке,
Көрісейін деп едім!
Отан қамын тіледің,
Халық үшін жүрегің,......[quote]
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Кенен Әзірбаев (Жамбылды бірінші көргенім)

[quote]Бірінші аттанғанда алыс жолға,
Алыппын жұлдызымды сәтті оңға.
Еркебай ертіп барып қырғыз жаққа,
Босатқан боз торғайды түскен торға.
Кедейлер көшіп жүрген зар заманда,
Өрісі ақындардың тар заманда,
Сұлудың күппен кезіп жасыратын
Бай-манап, би-болыстар бар заманда,
Сол тойға ат жетер жер бәрі барған,
Тай ақын, тарлан боздай кәрі барған.......[quote]
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Қадыр Мырза Али (Операция үстінде)

Қалғаны ма ғұмыр бітіп,
Жыр бітіп!
Зембіл-арба алып келді зырғытып.
Кесіп алып тастаймыз деп дертіңді
Хирург пен ассисенттер тұр күтіп.
Ауру, сірә, асқыныпты,
Өршіпті.
Шытпаушы еді,
Қабағын сәл ер шытты. .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Шалқар вальсі (Қазақ ауыз әдебиеті)

Шахарда Шалқар деген ұлтымыз бар
Осында ер жігіттер, өңки қыздар
Көлі бар құралай көз мөлдіреген
Жағаға шатыр тігіп қондыңыз ба?

Қайырмасы:
Шалқар көлі өзімізге шағалаға нық теңіз
Шалқар құмы өзімізге
Күндей ыстық леп теңіз....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Ақ ерке (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ойыл қайда, Жем қайда, Сағыз қайда,
Өткір қылыш, жүйрік ат жанға пайда.
Ат сабылтып алыстан келгенімде,
Қарсы алатын құрметтеп сәулем қайда.

Ақ ерке, аман бол сен,
Шыбыным, шыбыным,
Ойналық кел,
Шашбаулым, шашбаулым.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Күләш Ахметова (Түбі бір түрік)

Аллаға сеніп, құдіретіне сыйынып,
Әзіз бауырлар, оралдыңдар ма жиылып?!
Ата жұрт — осы.
Арада — мың жыл көрмеген,
Тізе бүгіңдер, киелі топыраққа иіліп.
Көп заман бөлігі, көп жасқа толды көздерім,
Көздерім менің көздерін көрді өзгенің.........
Өлеңдер
Толық
0 0