Өлеңдер

Өлең: Қадыр Мырза Али (Көктебель және Волошин зираты)

Қазына емес, сұлулықпен бай халық
Кете алмайды, осы араға байланып.
Дара тау боп қол бұлғайды Қара тау,
Сағынышы сары алтынға айналып.
Көкжиекке жетем десең сен егер,
Көк мұнарға сіңеді аппақ кемелер.
Келіншектің ақ төсіндей алқалы
Кеудесіне жүзім таққан төбелер......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Мұхтар Шаханов (Шекарасыз жомарттық немесе Қалекеш Қарақұловты іздеу)

Өмір деген ұлы өзенде ғарышқа атқан толқындарын,
Бәрі де есте, алқынғаның, бақыт іздеп шарқ ұрғаның.
Ашық-адал мінезіңді ту ғып ұстап жарқылдадың,
Бірақ неге қайығыңды құзға соғып алдың, жаным?
Кей адамның рухынан бақыт кейін қап жүреді,
Жігіт едің аузын ашса, көрінетін ақ жүрегі......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Кенен Әзірбаев (Кенен мен Әсімханның кездесуі)

[quote]Ә с і м х а н:
Ассалаумағалайкум, Кенен аға,
Қордайдан ат арылтып келген аға.
Біз сізді көрмегелі көп жыл өтті,
Өлмеген көріседі деген, аға.
Мөлшерлеп ән-жырыңды есепке алсам,
Мұхиттың дариясындай терең аға.
Жамбылдың бірге жүрген шәкірті едің,
Аламыз үлгі-өнеге сенен, аға.
Түсті деп осы ауылға естіген соң,
Өзіңмен кездесуге кеп ем, аға.
Жиналып өңшең ақын текке отырмай,
Халыққа өлең айтып берелі, аға.
Әндерің тізген меруерт сияқтанып,
Жәкеңмен Москваға бір аттанып,
Ағаның денсаулығы жақсы ма?— деп,
Жүремін сыртыңыздан сұрап қалып.
Тыңдауға бал сөзіңді халқың құмар,
Үй толып,
ел жиналды құлақтанып.
К е н е н:
Кенендей ел сыйлайды қариясын,
Бір кезде қарияңды сағынарсың.
Алмабай, Сартжан, Көшер, шақырып ең,
Бұрылып келмей кетсем тарынарсың.
Үйіне Бейсембайдың келіп түстім,
Ауылдан мен шыққалы болды үш күн.
Кешегі Байбуырлы Сарыбас ақын,
Жамбылдың оң қолынан сарқыт іштім.
Солардан көп әңгіме естігемін,
Жігітке пайдасы жоқ асығыстың.......[quote]
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Күләш Ахметова (Аркадийдің фотолары)

Мынау достар!
Жас күніміз бірге өткен.
Аяулы еді, ыстық еді, түу, неткен!
Рахия, Күлтай, Башар, Ізімгүл
Жап-жас болып қарайды ескі суреттен.
Сол бір жылы ыстық жазда, июньде
Түскен едік, басқа — сән де, киім де.
Аркадийдің фотосы ғой,
баяғы......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Елік-ай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Кел деп едің, Елік-ай,келіп тұрмын,
Отқа түспей өртеніп еріп түһұрмын.
Сертте тұрсаң мен сендік жаным құрбан,
Сырым осы сертімді беріп тұрмын.

Айналайын қарағым қарақасым,
Қара мақпал жібектей қара шашың.
Баласындай еліктің егілемін,
Сені ойласам мөлдіреп көзден жасым.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Осы бір шірінді — құнар)

I
Бәрі жақсы-ау,
бір нәрседен секем алып қалдым мен,
Мен де кетем орманнан, сайрандаман шалғынмен,
Бара алмаймын шешініп,
махаббатым — теңізге,
Бой сергітіп,
Ана жерге жата алмаймын бауырыммен.
Мына жердің
неге ғана жүрегі айнып кетпеді?
Жерде қалай,
өмір сүріп тұрасыңдар .....
Өлеңдер
Толық
0 0