Өлеңдер

Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Қожа Хафиз сөзінен)

Көрiнiске шоқынған,
Сопы бiздi не бiлсiн.
Не десе де сыртымнан,
Ренжiмеймiн, неғылсын.
Ақ көңiлдiң кезiне,
Не келсе де - жақсылық.
Тура жолдың тезiне,
Түскен көрмес тапшылық.
Бiр жаяуды жүремiн,
Ойын болар порым жоқ. ....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Мағжан Жұмабаев (Жүсіп хан)

Бар екен де, жоқ екен,
Аш екен де, тоқ екен,
Ертек, ертек, ертекте:
Ала қарға - азаншы,
Қара қарға - қазаншы,
Шымшық терген шөпшекті.
Қарлығашы қалбаңдап,
Жапалағы жалбаңдап,....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Күләш Ахметова (Көгілдір кештерінде Көкшетаудың)

Ауаның өзінде де көк шырай қап,
Самал жел көк бояуын төксін ойнап...
Көкшетау!
Көгілдір нұр!
Көкпеңбек көл,
Армысың,
Көгорай бел,
Көкшіл аймақ!
Армысың!
Айдын көлім,
Бурабайым,
Алдымнан шықты-ау қайың,
қарағайың.
Аталар ат шалдырған
алаңқайда
Менің де ізім қалсын,
Аралайын.......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Ілияс Жансүгіров (Көдек өлеңі)

Жаралып неше түрлі қылым кетті,
Бөлініп өз табына ру кетті.
Жуандар нашарларды нанша жаншып,
Біреудің біреу алдап пұлын жепті.
Түк кермеген қазақтан солдат сұрап,
Ұлықтан әділетсіз зұлым жетті.
Ары өткен шекарадан ағайынға
Басына малдан озып шығын жетті.
Қытайдың қол астына үрікпей қалған
Тым онша біз сияқты бүлінбепті......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Ілияс Жансүгіров (Түс)

Білмеймін әлде дала, әлде сарай,
Күз десем, тас көрмедім қарай, қарай.
Жақпара, жарма жапқан зер шымылдық,
Әсем саз, алтын нақыш айнала орай.
Көк шулар, таста толқын ырғып ойнар,
Фонтандар мөлдір тұнық ырғып қайнар.
Балықша құлаш ұрып жүрген кеп жан.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Кенен Әзірбаев (Жамбыл жатып қалғанда)

[quote]Жамбылдың жасы жүзге тақалған-ды,
Мезгілден қарттығы да «ақы алған-ды» —
Қарттыққа екі беттен етті беріп,
Мұрты мең селдіреген сақал қалды.
Жамбылдың жатып қалған мынау жайы,
Жүректің жұқарған соң ылди - сайы,
Отанды отты соғыс жайлағанда,
Ақынның соған кеткен Алғадайы.
Алғадай неше дүркін жауға шапқан,
Ерлікпен көзге түскен қалың топтан.......[quote]
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Күләш Ахметова (Ант)

Елбасы:
Тәуекел дедім!
Ант еттім
Тәуелді болып көнбеске.
Құбылаға басты берсем де,
Құлдыққа елді бермеске!
Қандастарымның марқасқа
Сарсаңға басын салмасқа,
Түбегейлі де тұтас боп......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Күләш Ахметова (Жұлдызым Жібек жолы бойындағы)

Тақ Тараз. Жалқы Тараз жаһандағы,
Түп қазық, туған үйім Отандағы.
Ықылым замандардың шаңы жұққан
Шаһарлы шежіремнің қаһарманы!
Тегім — сен, кітабым сен — парағы алтын.
Сен — дәлел, дамыса егер, дала халқы.
Милед пе, миллениум бе, саған да тән —
Дәуірге сәлем бердің дана қалпың.......
Өлеңдер
Толық
0 0