Өлеңдер

Өлең: Қалижан Бекқожин (Қарақұм)

Қара сұр қалың мұздай қуқыл жазық,
Үстінде аласапыран құм құлазып,
Жөңкіген жойқын тобыр секілденіп,
Тас бұрқан сұрапылын қырға жазып.
Дауылы жоталарды жүндей түтіп,
Қаңғыған құла дүзде құм құтырып.
Жандырған селдір-селеу дала түгін
Жалақтап қызыл жалын жел жұтынып.
Жәндік те, жануар да, шошып аң да
Тыным ап тұра алмаған осы маңда. .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Чили - шуағым менің)

Барлық ақын - баласы бір ананың.
Ақын келсе өмірге, қуанамын,
Ақын өтсе өмірден - жылағаным.
Барлық ақын - баласы бір ананың.
Барлық ақын - бауыры тірі адамның!
Тұтандырсам бірінен жыр алауын,
Бірінен қасиетті сыр аламын.
Тәңір деген жоқ қой, .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Кенен Әзірбаев (Ұзынағаштағы өстепке)

[quote]Үкімет орнаған кез табан тіреп,
Кедейлер ұйымдасып қосты тілек.
Құлақ пен бай, манаптың жер-суына
Есеп боп, еңбек етті күшті білек.
Жарлы жұрт қолда барып ортаға сап,
Артельдер жерге ұрды кетпен күрек.
Аталған өстепке деп Бірінші май,
Тап жауын танып қалды жарлы-жақыбай.......[quote]
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Қасым Аманжолов (Теректің сыйлықтары)

Тауды да, тасты жентектеп,
Дуылдап ұлып, өкіріп,
Долдана жылап өр тентек,
Ағады Терек жөңкіліп.
Далаға құлап, далиып,
Момынси қапты қуланып;
Каспийге қарап, бас иіп,
Еркелей қапты, тура ағып;
«Кәрия теңіз, мен келдім,......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Қалижан Бекқожин (Партизан анасы)

Есіз үйде отыр ана,
Күйген жұртта қалған қу бас.
Бар серігі жалғыз ғана
Қасындағы күйелі ағаш.
Отыр жұртта жалғыз өзі,
Қураған бас түскен төмен.
Күйікпенен жанды өзегі,
Қайғысы — өзен түпсіз терең.
Аруақтай сүлде ғана,
Солған жүзі қу кебіндей.
Баққан соны шыр айнала,
Ажал шіркін түр көрінбей.
Қан көзіне күн астынан......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Қалижан Бекқожин (Қария мен дария)

Алтын сақал омырауын алқалап,
Қария тұр қабағынан ой тарап.
Күркірейді орғып долы дария,
Аласапыран толқындарын арқалап,
Шал сөйледі күліп қана мұртынан:
«Уа, бүлікшіл жарға сыймай бұлқынған,
Білмейсің-ау...
Батыр қолдар түйіліп,
Келе жатыр төніп сенің сыртыңнан».
Саған шоқ-шоқ!
Неге есіріп тасыдың?—
Батты маған сенің кесір-асырың .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Ілияс Жансүгіров (Октябрь екпіні)

Тарихтың жүрдек арбасы
Ұшады даңғыл жолменен;
Трактор,балға,пулемет
Қарулы қалың қолменен.
Паровозшы - партия Алысып
«Он,» мен,«Сол» менен.
Айнала жау,Жол қиын
Тарихтың алды өргелең!
Октябрьден жөн тартып.....
Өлеңдер
Толық
0 0