Өлеңдер

Өлең: Кенен Әзірбаев (Сарбарпы)

[quote]Сарбарпы сай - сайды өрлеп қанат қағып,
Безілдеп жоғары - төмен сумен ағып.
Майысып су бетіне тиіп төнген,
Ағаштың бұтағына ұя салып.
Жүреді қашып ылғи сұр жыланнан,
Сондықтан су қасына ұя салған.......[quote]
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Қасым Аманжолов (Марш)

Шықты еліріп
Сұм буржуйлар.
Қолын созып
Аспан-көкке,
Жинал, жолдас,
Пролетарлар,
Отырыңдар
Самолетке?
Шегін кері, жаулар арсыз!
Жұмысшы мен шаруалардың,
Елі ұшырған сұңқарлармыз!
Атты әскерлер өтпес жерден,
Табан тимес,
Қиын белден,
Қуған талай
Жау құзғыным,
Ер канатты
Туғызды ұлын.......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Қалижан Бекқожин (Азатпын сол шаққа)

Көремісің күн сүйген шың басынан,
Таңғажайып әлемді тың ашылған?
Көремісің теңіздің құдіретін,
Толқындаған айбынды тұлғасынан?
Құзыңнан да биікке астым міне,
Қалың толқын қауыммен бастым бірге,
Көріп тұрмын әлемді таң-тамаша,
Ертегідей көрінген жас күнімде.
Толқыныңнан айдында тез есемін, —
Шақырып тұр алдымда келешегім. .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Мұңды шал)

Жасыңда араластың малтымаға,
Қызығып есер елдiң салтына да.
Би, болыс, ептi жiгiт атанам деп,
Көп түстiң ерегіс пен талқыға да.
Кейде елдi партияға көп жиям деп,
Әркiмге аласардың жалпия да. ....
Өлеңдер

Новость отредактировал: nurgul95 - 13.06.2019

Толық
0 0

Өлең: Күләш Ахметова (Өлең дәні)

Хал қалай, ақын қауым?
Бірде араз, бірде балдай тату қауым?
Қыл көпір үстінде де қиянатты
Қиындау болатұғын мақұлдауың.
Шығармай келгенде де үнін шындық,
Шындық деп шырылдаумен ғұмыр сүрдік......
Өлеңдер
Толық
0 0