Өлеңдер

Өлең: Жамбыл Жабаев (Ту астында берген ант)

Малшы сырын білем мен,
Қасында өскем жасымнан.
Ел тарихын үйренген
Ертегіші малшыдан.
Малмен жасап, бірге өрген
Жайы мәлім ғасырдан,
Қыйындықты бір көрген,
Малға жаны ашыған:
Бұлтты, желді күндерде....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Кенен Әзірбаев (Кенен мен Шашубайдың соңғы кездесуі)

К е н е н:
Шашеке, амансыз ба, күйлі-жайлы?
Өнерге өрен аға сегіз сайлы.
О, шіркін, кәрілік те кеп қалыпты,
Аяғы бұл өмірдің түйе - тайлы.
Алабын Алатаудың әнмен жайқап,
Көрген ең қырғыз, қазақ көп жамайды
Айтысып Сарыбас, Жамбыл, Қуандықпен,
Ән, күймен құйқылжытып сән сырнайды.
Асында Ноғайбайдың алғашқы рет
Көргенім мініп барып жайдақ тайды.......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Кенен Әзірбаев (Кенен мен Халиманың қағысуы)

[quote]К е н е н:
Ақ серке ай мүйізді қой бастаған,
Анық батыр жорықта жол бастаған.
Атамыз қазақ халқы өлмес - өшпес,
Торқалы міне осындай той бастаған.
Батырмыз Компартия жол бастаған,
Бұлжытпай нұсқауларын ел қостаған.
Ақ отау жұртым тіккен орда мынау,
Отанның ақынымын ойқастаған.
Айталық партияға сансыз алғыс,
Кедейді ең алдымен алға ұстаған.
Халима, әріптесім, бері отыршы,
Шал едім келінге көп жамбастаған.......[quote]
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Күләш Ахметова (Сарыөзек сағыныш)

Сары өзен. Сары тоғай. Сары қайың.
Сары өзек. Сары дала. Сары уайым.
Сартап сезімдерге сабау болып,
Сары ішік шабытымды жамылайын.
Жоңғардың жонында өскен самырсындай
Тәкаппар тауларыма табынайын!
Дәнімді алатұғын адам болса,
Жаңғақтай жанымды ашып жарылайын.......
Өлеңдер
Толық
0 0