Өлеңдер

Өлең: Ілияс Жансүгіров (Әзәзіл)

Түнде бұлбұл шырқап ән,
Орман шуы, қыз көзі —
Бәрі жаңа, бәрі сән.
Көрінгенде өмір езі,
Көкке көңіл желпінткен,
Еркіндік, даңқым, сүюім,
Ой қозғаған өнерім,
Қанымды қатты серпілткен.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Әлди, әлди (Қазақ ауыз әдебиеті)

Әлди, әлди, әл бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем.
Жылама, бөпем, жылама,
Жілік шағып берейін,
Байқұтанның құйрығын
Жіпке тағып берейін.

Әлди, әлди, бөпешім,
Қозы жүнді кепешім.
Жұрт сүймесе сүймесін,
Өзім сүйген бөпешім......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Қадыр Мырза Али (Тындырмады демесең ісін дөйдің)

Тындырмады демесең ісін дөйдің,
Мен де милы,
Ақылды кісіңдеймін.
Бірақ мына тірлікте,
Өзге түгіл,
Өзімді де кейде мен түсінбеймін.
Өтеді күн зымырап,
Өтеді күн.
Есептесең бойымда жетеді мін.
Кемшілігін көрсетіп үлкендердің,
Жіберемін баланың қателігін. .....
Өлеңдер
Толық
0 0