Өлеңдер

Өлең: Қадыр Мырза Али (Ақиқаттың алдында)

— Уа, халайық, халайық,
Сөзге құлақ салайық!
Кім жөнінде, не жайлы
Әбден ұғып алайық!
«Жау жүрекке өлермен
Жан емеспін көнер мен.
Жігіт болсын, шал болсын,
Жеңіп алсын өнермен»,—
Деп ақылды ханшамыз,
Бас берсек те қаншамыз,
Бір тіл қатпай ешкімге,
Бәйік болдық баршамыз.
Сертінде сол қалмақшы,
Көпке салмақ салмақшы.
Сөйлеткеннің ғана ол
Сүйген жары болмақшы.
Азаматты пішінді,
Ақылы мол кішіңді........
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Қалижан Бекқожин (Эпилог)

Бұл жырым әлі ұласар,
Майданда шыққан шерумен.
Әлі талай бел асар
Мылтықты сол керуен.
Комиссар жортар жол ұзақ,
Ізінде жосып жыр қалар.
Куә ме жырым жалғыз-ақ,
Кітап қой сонау қырқалар,
Оқушым, өзің ашып көр,
Тарихтың тарғыл беттерін.
Осынау біздің асыл ер
Көрсетер өмір дәптерін. .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Ілияс Жансүгіров (Сәтімбекұлы Иманбектің жырынан)

Терезеден келді де,
Мылтық сонда атылды.
Шейіт қылып оларды
Қызыл қанға батырды.
Абақтыда жақсылар
«Иә, Алла!» — кеп ақырды.
Терезеден атып сап,
Қанын судай сапырды.
Құдіретімен құдайдың
7Есік сонда ашылды.
Алыс емес бұл өлім,
Ажал келсе жақын-ды.
Қырып жатыр жақсыны,
Шейіт қаны шашылды......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Жамбыл Жабаев (Май)

Тоқсан жыл түрлі ән қосып,
Жыл да жазда бір тосып,
Тағы да міне май келді.
Бетпақ шөлге жан кіріп,
Өлі бойға қан жүріп,
Құздың мұзы бұзылып,
Ағылды дария ойда енді.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Қалалық зиратхана)

Өлік сақтар қаланың қақпасының алдында,
Шудан қашып, мекерсіп, кілт тоқтадым бардым да.
Өліп қалған жезөкше бір әйелді әкелді,
Керегі жоқ ешкімге дене жатты алдымда.
Дымқыл кірпіш еденге әкелді де, тастады,
Ешкім іздеп келмеді, ешкім хабарласпады .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Ілияс Жансүгіров (Анчар)

Қу далада, құла түз,
Жер қақдаған күн тамыз.
Күзетшідей жапанда
Анчар — ағаш тұр жалғыз.
Табиғаты сахраның
Өсірді оны ашумен:
Тамыр, бұтақ, жапырағын
Суғарды да зәрлі умен......
Өлеңдер
Толық
0 0