Өлеңдер

Өлең: Күләш Ахметова (Суреткер)

...Есімде, той болды бір ауылда ірі,
Жігіттің таң қалдырып қалыңдығы,
Беташар айтылғанда
жалт қаратқан
Жадымда
жас ақынның жалынды үні.
Сызылып көк аспанда жаңа Ай туды,
Уыздай әппақ өңге арай тұнды.
Қауымның үні шықпай,
ақын жігіт:
"Тоғжандай екен!" — деді. Бәрі айтылды.......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Мұзбалақ)

Екі тәулік өткенді,
Ата бүркіт аш қалды.
Қия тартып бөктерді,
Қия тінтті тастарды,
Күз ығысып кетті енді,
Қиямет қыс басталды.
Азық табу оңай ма,
Ақ иығын талдырды.
Аңдар ытып тоғайға, .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Ілияс Жансүгіров (Ұмытсын көңілім ұмытсын!)

Болар де елең дап - дайын,
Тыңдамай - ақ бұлбұлды.
Білмей - ақ сұлу мән - жайын
Жазар едім бір жырды.
Өсіп, өмір сүргенім,
Өз көргенім өзіме;
Өз өткізген күндерім,
Көрінеді көзіме.
Өткізген күн, өткен күн,
Көз алдымда бұлаңдап,
Неткен жақын,
Неткен сұм,
Алдай ма, тым жылмаңдап?.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Кенен Әзірбаев (Кенен мен Есдәулет айтысы)

[quote]К е н е н:
Көсем адам сөз бастар,
Көпті көрген жол бастар.
Батыр адам қол бастар,
Көсем серке қой бастар,
Ақын адам той бастар,
Ал, тыңдаңдар, жолдастар!
Қордайдағы қос ақын
Қозғамаса болар ма!
Домбырасы — жан жолдас,
Қолға алмаса болар ма.......[quote]
Өлеңдер
Толық
0 0