Өлеңдер

Өлең: Кенен Әзірбаев (Үмбеталы дүние салғанда)

[quote]Ә с і м х а н
Мен келдім Қордай аудан Кировіне,
Ақынның ішіндегі жүйрігіне.
Үмбеталы екеуің тең, өсіп ең,
Көп тұрмын Үмбет жайын білдіруге.
Ән қосқан бозторғайға Кенен едің,
Өлең мен домбыраның кемелі едің.
Айтпай-ақ ендігісін түсінерсің,
Қолайсыз бір жұмыспен келген едім.
Кенен мен Үмбеталы қарттарымыз,
Жамбыл мен Сүйімбайға тартқаныңыз.......[quote]
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Фариза Оңғарсынова (Ер-тұрман)

Өртейді бір өкініш жиі мені…
Киіз үй. Мекеніміз қиыр еді.
Анамның алданышы, сүйінері –
әкемнің ер-тұрманын күніне бір
тазалап, қайта-қайта иіледі.
Көзінің тірісінде қайран әкем
қастерлеп қадір тұтқан бұйымы еді. ....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Мағжан Жұмабаев (Ертеңгі сәулелер)

Көкте жүзіп жарық күн,
Нұрын шаша бастады.
Оянсын деп жер жүзі,
Алтын сәуле тастады.
Бірінші сәуле ұшты да,
Бозторғайды оятты.
Сескеніп, сасып торғайың,
Жалмаң қақты қанатты.
Көтеріліп аспанға,....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Жамбыл Жабаев (Сталинді сайлаймын)

Жүрекке құйылған нұр Сталиннен.
Жыр болып төгіледі қызыл тілден,
Сондықтан, ұлы Сталин алады орын,
Бір емес менен шыққан бар өлеңнен.
Өмірдің қайнар бұлақ көзі Сталин,
Қалың ел қамқоршысы өзі Сталин,
Бітер ме өлеңге жан, ұшқыр қанат,
Болмаса ақындардың сөзі Сталин!
Сәнді өмір, сансыз қызық алуан-алуан,-
Зор табыс, ұлы жеңіс жерді жарған. .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Жамбыл Жабаев (Кеңес гвардеецтеріне)

Тіл ұшында бір сөз бар,
Жалындана жайнаған,
Құлаққа сол сөз тигенде,
Серпіліп бүкіл денеңде,
Қанық да қызып қайнаған;
Жарың да қызық сайраған
Сол сөз жетсе көкті өрлеп,
Жүрегіңді күш кернеп,
Жаның сергіп самғаған.....
Өлеңдер
Толық
0 0