Өлеңдер

Өлең: Жамбыл Жабаев (Сталин ұрпақтары)

Ұрпақтарым алдында,
Ұсап жазғы шалғынға,
Мойындамай шалдықты,
Жасарған Жамбыл шағында,
Сайрайды, талай сайраған.
Өмірім балдай, балдырған,
Құмарымды қандырған,
Көңілімді, көзімді,
Өмірімді, өзімді,
Енжудей тізген сөзімді,
Сталиннің сәулеті
Шам-шырақтай жандырған. .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Қалижан Бекқожин (Бригадир туралы жыр)

Жапан түзге жасап жатыр қыс бүлік,
Қар жасағы ойнақтайды ысқырып.
Қиян қырдың аспанында жүр жосып
Ақ шудалы аппақ бура түсті бұлт.
Қар тынымсыз белестерге борайды,
Ақша таулар басты жазық маңайды.
Белуардан қарға батқан жас жігіт
Бұрқасынға күлімсіреп қарайды.
Қамаласа қалың құйын жасағы,
Ұмтылып жас, құшағын кең ашады. .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Қадыр Мырза Али (Даңқ)

Даңқ! Даңқ!
Таң қаламын мен саған.
Жастар мынау,
Қарттар анау қаусаған.
Бір жалт еткен ұшқыныңнан тұтанып,
Бәрінің де жанары оттай самсаған.
Сен сондасың қайда болса асыл кен,.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Мағжан Жұмабаев (Ертегі)

Бүгін жаным өртке оранған жанға ұқсап,
Бүгін жаным тым аңсады от құшақ.
Жынды жүрек тығылады аузыма,
Тілім-тілім тілсе келіп у пышақ...
Бүгін жүрек отты қарақ іздейді,
Бүгін жүрек күшті арақ іздейді.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Қасым Аманжолов (Бикеш)

Шықты бір қыз театрдан
Мойынында орман түлкі,
Шашын күзеп, қасын қырған,
Аузы-мұрны толған күлкі.
— Пожалуйста, машинаға,—
Деді жігіт қолтықтаған,
Қылмыңдасып екеу ара,
Кетті тартып тауға таман... ....
Өлеңдер
Толық
0 0