Сен бай, мен бір қу кедей, Сен прозаик, мен ақын. Сен қандысың мак гүлдей, Мен қансызбын өлімдей. Бейнет көрмей өміріңе, Биік үйде тұрасың. Менші, уайым, әуреде, Күн өткізем саламда.....
Ал, дүние, өтеріңді біліп едім, Білдірмей серілікпен жүріп едім. Бұл күнде арық қойдан бағам кейін, Үш жүзді сайран қылған Біржан едім. Қарасу есік алды лайланды, Бай қылмақ, кедей қылмақ құдайдан-ды. Қамзолдай қысқа пішкен дөңгеленіп, Дүние өтерінде шыр айналды......
Жасырмаймын; Мен аса Шеттеу кетпей тегімнен, Шәйір болып тумасам, Шаруа болар едім мен. Артық нәрсе шашылып Жатпас еді ауламда. Мәз болар ем Ғашығым Күнде сиыр сауғанға. Солай бол деп әр үйге Берер едім тәрбие........
КӨТЕРГІШ КРАН Кран деген бек қызық: Басын бұлттан өткізіп, Тұрады ылғи Тұмсығын Тура көкке жеткізіп. Бір күні өзің келіп сен Белдесіп көр, желіксең. Түу аспаннан шығасың Тіліне бір іліксең. Жалқау емес сұлаған, Жұмысшыға ол ұнаған. Ерте шығып ұядан, Кеш батады күн оған. .....
Тәтті өмірдің тамаша қимас күні, Тоқтата алмас ажалдың уын тыйып! Соғар соңғы сағаттың аяулы үні, Көз алдыңа елестер бір тұңғиық. Жасарымды қанша жыл білмеймін мен, Түсінем бірақ жалғаннан өтерімді. Аянышты үн шығып жүрегімнен, Көз жұмып мәңгі ұйқыға кетерімді. .....