Біз оның жалғасымыз жолдасымыз Әлемге бақыт іздеген Қолдасыңыз, келіңіз, қолдасыңыз! Барамыз Ильич салған ізбенен. Caп бұзба Секілденіп көкек байғыз,байқаңыз .....
Жағасында шалғын да, гүл де ырғалып, Жатқан бұлақ ақпайды тым бір қалып. Бүлк-бүлк қайнап толқиды, бұлтсыз түнде Құшағында жұлдыздар сыңғыр қағып. Тыныштықта тұнжырап тұрды ізгі аймақ, Сұлу сурет мойныңды бұрғызбайды-ақ, Көздің жауын алады жарқ-жұрқ етіп, Жұмбақ толқын ішінде жұлдыз қайнап.......
Көріп жүрген далаңыз — Ақсуаттың даласы, Көріп жүрген ауаңыз — Ақсуаттың ауасы. Көріп жүрген таңыңыз — Ақсуаттың таңы да, Көріп жүрген шаңыңыз — Ақсуаттың шаңы да. .....
Шежіреміз қию-қию, Шырғалаң. Шырғалаңды ұқпай менің жүр балам. Жер үстінде бір шаһарым ер жетіп, Жер астында шөгіп жатыр бір қалам! Ерім менің! Жерім менің шерменде. Жырта қалсаң, Жыр шығады көрден де! Қырық эпос - Қырық батыр жайында........
Ақсақал Жамбыл келед жанаттанып, Қиялы қияға өрлеп қанаттанып, Жазылып бүкіш белі қуаттанып, Туған ел сәулетімен санаттанып! Қолға алып домбырасын жаны жайнап, Сталин дәуірінде талаптанып, Ән шырқап шарықтаған сағатында, Жыр арнап, шың Кавказға қанат қағып, Ардақты ел, ер туғызған алтын бесік.....