Өлеңдер

Өлең: Кенен Әзірбаев (Көркемжан туғанда)

[quote]Отыр едім үй алды төбесінде,
Ән-күйдің мініп алып кемесіне.
Жарқ етіп Жамбыл өзі келіп қалды,
Болсашы келет деген тегі есімде!
Қарсы алдым сәлемдесіп, құшақтасып,
Қуанып «Киров» колхоз дабырласып.
Ауылдың ақсақалы, басшысы да
Шулады Жамбыл, Жамбыл,
Жамбылдасып!..
Үйіме Жамбыл келіп кеште түсті,
Ұмытпасам, дәл сағат бесте түсті.......[quote]
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Күләш Ахметова (Мәдидің монологы)

Әнге туған ақының ем, елім-ау.
Абақтыда қамалғаным не мынау?
Қандай қорлық,
Аппақ ойды қаралап,
Ақ-қараны ажыратып танымау.
Ерінетін жіберуге тереңге ой,
Жалқаулыққа есең кетпес ел ең ғой.......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Ілияс Жансүгіров (Октябрь елесі)


Қызбалықты, қызықты,
Қызылды - жасыл кең дала.
Бұл күн қай күн, неткен жұрт
Қиқу салады қыр мен ой?
Қызыл туын қолға алған,
Қолына орақ, балға алған,
Жұмысшы, қара шаруаның
Октябрь - ұлы той. .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Мұхтар Шаханов (Мен қыз үшін ұялдым)

Байқатпастан уақытты тез өткен,
Өнер толы өзекпен,
Жыр қанатын безеп кең,
Әмзе басты жиналғандар кезекпен.
Бірақ жұртқа зейін қоймай сыздана,
Ортамызда отырды бір қыз бала.
Miнe, ғажап, келбет қандай, көз қандай,
Сұлулығы қиялыңнан озғандай!.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Ғафу Қайырбеков (Қажымұқан)

Мүлде сирек көк шөбі құба жонда,
Мүлде сирек бір қазақ жатыр ұйықтап.
Айтарсың - деп кейінгі сұрағанға
Беріп кеткен тарихқа атын мықтап.
Содан бері Оңтүстік айтады аңыз, − ......
Өлеңдер
Толық
0 0