Өлеңдер

Өлең: Сағыныш сазы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Сағыныш сазы сен едің,
Ғашықтың бірі мен едім.
Армандай асыл ақ гүлім,
Өзіңді аңсап келемін.
Арманым неткен көп еді,
Асудай асу бел еді.
Жанымда ұйықтап жатсаң да,
Түсімде сені көремін.

Қысылып жаным, жүрегім күйіп,
Жүре алмаспын, жаным, сені өзгеге қиып.
Қарашы маған, күлімдеп көзің,
Жасыңды тыйып, жасыңды тыйып. .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Күләш Ахметова (Ой)

Қай дәуір,
Қола яки тас дәуірі,
Адамдар болған дейді асқан ірі.
Ол кезде ағым басқа,
Адамдардың
Жүретін қола менен тасқа әмірі.
Жасыра алмас тарих та болған істі,
Ол кезде
Жердің тау мен орман үсті,
Алдымен шабуылды көріп,
Адам......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Күләш Ахметова (Апорт)

Тыныштықтың құлаққа кеп тұр үні,
Кешіреді бағбан сендей ұрыны.
Күзгі бақта алма көрсең, үзіп ал,
Таңдайыңда қалар тәтті шырыны.
Ай осылай дөңгеленер толғанда,
Күн қызарар батар кезі болғанда.
Иісі қандай күзгі қызыл апорттың,
Шырын нәрін көп сақтайды соңғы алма?
Күн жып-жылы.......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Қадыр Мырза Али (Ақын ана)

Жастық кезде жарасады сән ойлау.
Жарасады,
Керек бірақ абайлау.
Қарап тұрсаң,
Нардың жүгін көтеру
Жардың жүгін көтеруден оңайлау.
Жарқылдатып алтын алқа тағынар,
Жалғыз пірің жастық еді-ау табынар......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Мұхтар Шаханов (Құрметсіз шыншыл тұлғалар немесе Түрік қағанатының құлауы)

Отырардан ағып шыққан дариялардың ұлысы,
Құрметпен даңқ төріндегі
Күллі қазақ жеріндегі қариялардың ұлысы,
Үміт-түлкі зып берсе де,
Сыртта есейіп, сыртта өлсе де,
Туған елден бөлінбеген ой-санасы, тынысы,
Шыншыл — қатал тағдырынан нәр алған әр ұлы ісі ....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Күләш Ахметова (Мен туған үй)

Біздің үйден жұрт жаңалық табатын,
Әкем елге хабар беріп жаңа тым,
Әңгіме айтып отыратын, түзетіп
Москваның уақытымен сағатын.
"Соңғы хабар" болып, даусын ашты ма,
Радио тыңдамасаң — бас кінә.......
Өлеңдер
Толық
0 0