Өлеңдер

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Қасқырға)

О, сайтан!
Алмас азу, қандыбалақ,
Қанды ізің жосып жатыр, тау, жырада.
Тағы да қылаң беріп, құтылдың ба?
Тұра-тұр, көрісерміз қанжығада.
Жатқанда ойда малым,сайда малым,
Есімде емін-еркін жайғағаның, .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Ілияс Жансүгіров (Сені)

Мен шындап сүйгем жүрегімнен,
Күшейіп күндегі дерт күндегімнен.
Қарағам қабағыңа көңілің үшін,
Сыйлағам, қадіріңді біле білгем.
Мен сені сүйгендіктен жүрегімнен,
Сыйлаумен сырымды айтпай жүре білгем.
Шыдауға бұдан артық дәрменім жоқ,
Жүдедім күнде меңдеп, күндегімнен. .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Ғасырлар перзенті)

Ғасырлар - Аналар
Әлдилеп сәбиін тербеген.
Қатыгез күн туса паналар
Ер ұлға жерік боп шөлдеген.
Ғасырлар - Әкелер
Сенімді мұрагер көрмеген.
Бостандық,
Бақытты әперер
Перзентке зәру боп, шөлдеген.
Ғасырлар - Аналар
Сан рет босанып, толғатқан. .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Жамбыл Жабаев (Батыр туы)

Туы тұрса қадаған
Ердің туған жерінде;
Атын айтпай оны адам
Қалай қыйсын өлімге?
Амангелді батырым
Сен тірісің өмірде!
Алысың мен жақының
Күнде сені көруде;
Қару-жарақ бойында,....
Өлеңдер
Толық
0 0