Өлеңдер

Өлең: Қадыр Мырза Али (Қазақ әйелі)

Төзіміңді берсе сенің темірге,
Темірдің де түгі кетпес көмірге.
Қазақ қызы,
Қайран қазақ әйелі,
Не көрмедің,
Не кермедің өмірде?!
Қызды қатар қоймаса да ұлменен,
Азамат па қадіріңді білмеген!
Ақ жаулықпен орап алтын басыңды.
Отпен кіріп,
Шығып жүрдің күлменен.
Жұмсағанмен заман сені күң санап,
Жаманнан да ала білдің мың сабақ.
Жүн иіріп,.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Мұхтар Шаханов (Танакөз)

Ізгілікпен ізеттің байлауында,
Мама қаздар самғайтын қойнауыңда,
Достық атты қазына аралы бар
Сонау Мақсат тауының жайлауында.

Жұрттың бәрі баруға құштар оған,
Құштар бол деп тіпті ешкім қыстамаған,
Өзін мәңгі бақытты санайды екен
Сол аралдан от алып ұшқан адам. ....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Кенен Әзірбаев (Бұлбұл мен көкек)

[quote]Саяда бұлбұл тұрса сайрап әнге,
Ұйытып жан-жануар күллі әлемге,
«Көк - көк» деп таста отырған тау көкегі,
Мақтанды ұялмастан жалғыз әнге.
К ө к е к:
Ау, бұлбұл, көрінсеңші, үнің өшкір,
Дүниеден жасырынып күнің өткір!
Күн-түні көз ілмейсің қақсап босқа,
Гүл құсап үш күн жайнап мүрдем кеткір!
Б ұ л б ұ л:
Мақтаншақ, тәкаппарсың, көкек есер,
Қарғысың маған айтқан тасты тесер,
Әуелеп аспанға айтқан жалғыз әнді,
Шақырып өз атыңды жүрсің бекер.......[quote]
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Фариза Оңғарсынова (Дауылды аңсау)

Ақтымық.
Теңіз-
Маужырап дел-сал жас келіншектей жар құшқан,
қымсынып жатыр, тұншығып жатыр рахат пенен
алғыстан...
Тәкаппар, тентек теңізге мынау
таңданып кетіп барады
ақ шағалалар таңда ұшқан.
Ұйқыда теңіз,
албырап жатыр қас арулардай құлпырып,
дүние-ай, қанша сұлулық деген, нәзіктік деген
тұр тұнып!
Әншейіндегі арман боп жүрген аспан да
бүгін қас қақпай
телміріп тұрды ынтығып.
Мен тұрдым сонда....
Өлеңдер
Толық
0 0