Өлеңдер

Өлең: Кенен Әзірбаев (Кененнің Ләтипамен айтысы)

К е н е н:
Мен едім Кенен аңын Қордайдағы,
Төгейін өлеңімді таңдайдағы.
Ләтипа, дабысыңды естіп келдім,
Жатсаң да Төмен Балқаш шалғайдағы.
Өзіңдей өнерпазды көргенімде,
Қайнайды зығырданым қай-қайдағы.
Топардың тоғайында сен бір бұлбұл,
Әніңді құбылжытып салғай-дағы,
Ақиық Алатаудың қыранымын,
Қондырып бұтағыңа алғай-дағы.
Л ә т и п а:
Сен бе едің Қордайдағы Кенен деген,
Құлағым келеді деп елеңдеген.
Сыртыңнан естуші едім атағыңды,
Ойда жоқ түлеп түртіп келер деген.
Ашадан Сауытбек пен Жидебай кеп,
Айтысып менен көңлі төмендеген.......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Фариза Оңғарсынова (Әзіл)

Жабырқап жүргеннен бе жүдеп кей күн –
елпіл жоқ, меңіреу бір түнектеймін.
«Аспаннан құлап қапты – анау жерде
Күн жатыр!» – десе біреу, дір етпеймін.
«Бас қосып сауысқанның мыңы бүгін,
ел бопты, - десе, - содан ғылым ұғын», -
міз бақпай мелшиемін, түбі солай
боларын білгендей-ақ күнібұрын.
Жасымнан ел таныдым, жыр таныдым,
басылды неге бұлай күрт арыным?....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Қадыр Мырза Али (Атқан кезде ал қызыл ғаламат таң)

Атқан кезде ал қызыл ғаламат таң
Сақта мені өсектен,
Балағаттан!
Татулықтың бәрі де түсінуден,
Тыныштықтың бәрі де қанағаттан.
Мен кепілмін бұл сөзді қостарыңа,
Жақсылығын тұздық қып тостарыңа.
Бірде қылтың етсе де, .....
Өлеңдер
Толық
0 0