Сол баяғы ғұмырды Салады еске аулалар. Босатқанда шығырды Салдырлайды қауғалар. Екі темір тіреуге Есулі сым керілген. Кілем жайып біреулер, Кейбіреулер кір ілген. Тас дуалға тіреліп, Тағы бір шаң шұбады......
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.
Түлкіге тамақ іздеп сапар шеккен Жолығып, айтты бір күн Қарашекпен: «Күнің аз тауық жемей жай жүретін, Ұрлыққа құмар жансың мұнша неткен? Сыр ашып сөйлеселік оңашада .....
Ассалаумағалайкум, Қара теңіз, Әкелді бізді сізге мінген поезд. Дүниенің сен бір жатқан ұжмағысың, Теңізің - меруерт, маржан, тауың - мейіз. Атақты алып дария шалқып жатқан, Тұнжырап Азияны салқындатқан. Тепсініп телегейің қара ала боп, Жынданып күнің екен толқып жатқан......