Ac артынан,алдыға шұбат келді, Біреу татып,біреулер сынап көрді. «Қызылқұмның» қиылып қыз-келіні, Шұбат емес, бір шара шуақ берді. Ақбоз үйдің есігі айқара ашық, Гулесуде жігіттер тайғаласып, .....
Сайран салам сағынышпен келем де, Қарлығаштар айналады төбемде. Қырымнан да, Римнен де артықсың, Сенен ыстық жер жоқ маған әлемде. Баладай пәк бауырың да, досың да, Бауырыңа бас, шұрқырасып қосыл да.......
Биссимилләдан бастайын, Тездете айтып саспайын. Иманды болғыр, әкежан! Аузымнан қайтып тастайын. Есік алды қос арық, Екеуі де бос арық. Иманды болғыр, әкежан! Қалдық қой біз бозарып. Дүние, шіркін, жалған-ай! Өте шығар алдап-ай. Әкешім, сенен айрылып, Артыңда қалдық зарлап-ай! Алдым биік, артым жар, Айналатын жерім тар. Иманды болғыр, әкежан! Бір көруге болдым зар.....
Бір құдірет бар дейді асқан дана, қайда онысы Жерде ме, аспанда ма? Құрығы ұзын деседі сол біреудің дөп тиетін бұққанға, қашқанға да. Қайда өзінің мекені? Ұлы ма анық? Жарылқағыш адам ба нұры жарық? Тірі жанға көрінбей отыр ма әлі жалғыз өзі аспанға шығып алып? Қүнге қызып жатыр ма, қарап Айға, әлде бір кез жерді де аралай ма?!....
«А, Нұржан қаламыңды қолына алшы, Дауысыңды құйқылжытып әнге салшы. Емеспең топтан озған кәрі тарлан, Кеудеңде қалған жоқ па бірер тамшы?»,— деп Наушабайдың Нұржаны өзіне айтқандай: А, Жамбыл кезің келді сөзің бастар, Барынша құлаш созып, аяқ тастар! Алдында жана өмірдің өркендері, Өрмелеп келіп тұр ғой сөзің қостар. Айтқызбай саған тіпті ерік қоймас,.....