Ереулі атқа ер салмай, Егеулі найза қолға алмай, Еңку-еңку жер шалмай, Қоңыр салқын төске алмай, Құбыланы төрткүл оңға алмай, Тебінгіні терге шірітпей, Терлікті сүттей ірітпей, Өлеңді төсеп ет жемей, Ұлы түске ұрынбай,....
Қайнап бұлақ шықпаса, Таудың тасы құлай ма; Батыр батыр болмаса, Болатпен белін қынай ма; Ұл батыр боп тумаса, Атқан оғы борай ма; Ақылды боп туған ер Өзгеден ақыл сұрай ма;.....