Елу жаста елім бар деп айта алмай, Кетпес естен күйінгенің, мұңлы Абай. Елім бар деп айтатын бір туды күн, Елім бар деп шырқатайын мен бүгін, Қойсын енді Қорқыт күйін сарнамай. Атам Абай, арманыңа бер тыным, Сен таппасаң, біздер таптық жер тыңын. «Гүлжазира», «Жерұйықтан» кем бе екен......
Қартаң әйел жұмысыма іздеп келіп, жылады: "Жалғыз қызым бар еді, айнам, Тірлігімнің шынары Еркелеттім, Өмірімді желкен еттім жолына. Тек сол гүлдеп толыссын деп, Тек сол кисін, сол ішсін деп, Ештеңені аяғам жоқ, бәрін бердім қолына. Қызым сұлу бой түзеді, ой түзеді жайдары, Ой түзеді көз жауын ап қызғалдақтай майдағы, Алды болды құрбысының бірге өскен. Үмітіме бақ пен қайғы қалай қатар мінгескен? Бекер, Бекер жіберіппін еркіне, Ерте түсіп қалды-ау, сірә, албырт сезім өртіне.....