Өлеңдер

Қазақша өлең: Шәңгерей Бөкеев (Жылдарда жыл болады бағызы-бағызы)

Жылдарда жыл болады бағызы-бағызы,
Келеді наурызда елдің жазы.
Алабын Көлборсының сулар алса,
Сыңқылдап қонар көлдің үйрек, қазы.
Ойнақы мініп атқа, ал қаршыға,
Зер қарғы сылаңдасып ерсін тазы.
Көлдерге ат ойнатып......
Өлеңдер
Толық
0 0

Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Тынармын ба жан-жаңғақ сарқып шақпай)

Мен өзімді іздедім бала жастан,
Жұп-жұқана сиқыма қарамастан.
Тауға да ұрдым басымды, тасқа да ұрдым,
Ерте қозды делебем — ала қашпам.

Адыр-адыр қыр кездім, қайнар кездім,
Қойнына құт, мал толы......
Өлеңдер
Толық
0 0

Қазақша өлең: Cәбит Мұқанов (Күресшіл ұрпаққа)

Жаз күні жайнаған гүл жан-жақ кілең,
Жердің беті масаты жайған кілем.
Көкте көлбей қалқыған сирек бұлт
Бір түстес жерде, көкте шаттық рең.
Күн шырқап шыққан биік түстің кезі,
Өң беріп жер жүзіне нұрлы көзі,
Самалдың жұмсақ қана есіп өткен
Мұрныңды қытықтайды бал лебізі.
Бәрі де адамзаттың.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Қалижан Бекқожин (Менің момын жеңешем)

Қырдан көрдік көп егін...
Көзбен шолып келемін
Көк теңіздей көлбеген
Көз жеткісіз көлемін.
Егін басы толы адам,
Егін толқын — тулаған.
Мотор гуі, қыз шуы,
Толқып келіп тұр маған.
Көрдім алып кемені,
Қырқа жарып келеді. .....
Өлеңдер
Толық
0 0