Өлеңдер

Қазақша өлең: Ақберен Елгезек (Сурет салу)

Көз жасыңнан бес тамшы,
Алты бояу күлкіңнен,
Шарап жасап ұсыншы, айығайын дертімнен!
Тынысымнан буға сен айналғанда мөлдіреп,
Күлге айналып ұшайын жан шыдамас өртіңнен!

Күрсіністің демінен,
Ұшқынынан бақыттың,
Өлең өріп берейін.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Осы күнгі күй)

Ойламай отқа түскен неткен жанбыз,
Сөз ұқпас мылқау, меңіреу, жүрген жалғыз.
Көрінбес көзге түртсе қараңғыда,
Япырм-ай, қалдық па енді тіпті таңсыз?!
Тақаулы тамағында өткір пышақ,
Тек жатыр тұяқ серіппей сонда да аңсыз.
Тыңдамас, сөзге түспес, ырыққа көнбес,
Болды ма қайран қазақ тастай жансыз?
Жер кетті, жаның кетті......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Мұхтар Шаханов (Жеңіс пен жеңіліс арифметикасы)

Сәлем, ұлы Сыр елі,
Күріш елі, ырыс елі, шындық елі, жыр елі.
Досы түгіл, қасына да әр кез ашық жүрегі
Өлкелік өр дәстүріңді бүкіл қазақ біледі.
Бар түрікке сағыныш боп қалып қойған өлместен,
Құдіретті Қорқыт бабам сенде туып, сенде өскен.
Көне дәуір көгіндегі біздің дара санамыз —
Топырағыңнан қуат алған Асан-қайғы бабамыз. ....
Өлеңдер
Толық
0 0