Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Бәрін саған беремін)

Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Бәрін саған беремін)

Көп түндерді өзіңсіз жаным жылап,
Сағыныштан атырдым ағын құрап.
Апта өтсе де арада бар болғаны,
Сағындым-ақ, мен сені, сағындым-ақ.

Мезі еткенде жалғыздық, бірегей күн,
Жырлар жазу үшін көп түрегеймін.
Көп қой мұнда қыздар да, бірақ білсең,
Сенен басқа бақытты тілемеймін.

Болдың талай басымнан сипағандай,
Отырғанда шабыттан күй таралмай.
Көзімді ілмей қарсы алдым таңды мұңда,
Ұрлап сені бұл менен ұйқы алардай.

Сенгенім сен, сүйгенім бұл өмірде,
Арман-үміт, аңсарым, тілегім де.
Тек өзіңе беремін жомарттықпен,
Болса титтей жақсылық жүрегімде.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
медеу демеу медеуұлы Бәрін саған беремін өлең стихи на казахском медеу демеу медеуулы казакша олен, медеу демеу медеуұлы өлеңдері, стихи на казахском языке медеу демеу медеуулы, медеу демеу медеуулы олендери, Медеу Демеу Медеуұлы, Бәрін саған беремін

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]