Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Қиын екен...)

Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Қиын екен...)

Қиын екен бір-бірін түсінбеген,
Көп көремін өзіңді түсімде мен.
Бұл күндері мұңды күйкешіп жүрмін,
Пәк сезіммен сүйгенім үшін де мен.

Қиын екен, жарқыным,қиын екен,
Мәңгі отыңа қашанғы күйіп өтем.
Бір жақсылық сен жақтан күтудемін,
Қажет емес өзгенің сыйы бөтен.

Қиын екен өмірдің шырғалаңы,
Айтылмад-ау, сезім де, сыр да, бәрі.
Сен жоқ жерде сарғайған сорлы жүрек,
Сорлы жүрек сені ойлап мұңданады.

Қиын екен жаныңмен сүю деген,
Көтерермін көңілдің күйін немен.
Еліктің лағындай, сүйем сені,
Көрсем деймін баяғы күйіңде мен.

Қиын екен болса егер бір адамың,
Тек соны ойлап сарғаяр бұла жаның.
Сен мені білгің келсе жырымды оқы,
Мен жайында біреуден сұрамағын.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
медеу демеу медеуұлы Қиын екен... өлең стихи на казахском медеу демеу медеуулы казакша олен, медеу демеу медеуұлы өлеңдері, стихи на казахском языке медеу демеу медеуулы, медеу демеу медеуулы олендери, Медеу Демеу Медеуұлы, Қиын екен...

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]