Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Сен десе бәрін ұмытам)

Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Сен десе бәрін ұмытам)

Көкте де жүргім келмейді қазір жерде де,
Өзіңді сүйіп науқас боп жүрмін, емдеме.
Бақыттан басым бұрын тұратын айналып,
Мұңды боп кеттім мен неге?

Көрмегем ешбір әлі бір, жаным,ар аттап,
Қол бұлғап талай шақырса-дағы абат бақ.
Тек қана сені ұнатып өтем өмірден,
Өмірдің мынау беттерін жаймен парақтап.

Бүгін де көрдім түсімде сені жарқыным,
Жүрсің сен сеуіп жаныма сезім жарқылын.
Тағдырдың маған тартқаны тек өзіңсің,
Қайтейін басқа алтынын.

Өтермін,бәлкім,күндіз де,түнде сені ойлап,
Сен келер жаққа көзімді тігіп қарайлап.
Жабырқап жүрек тарығып жүрсе алдымнан,
Таңым боп атшы арайлап.

Өлшенбес өмір байлықпен және көрікпен,
Сен маған келсең қашанда жаным, сеніп кел.
Сен десе,өзім ұмытып кетем бәрін де,
Білмеймін, оны, неліктен?
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
медеу демеу медеуұлы Сен десе бәрін ұмытам өлең стихи на казахском медеу демеу медеуулы казакша олен, медеу демеу медеуұлы өлеңдері, стихи на казахском языке медеу демеу медеуулы, медеу демеу медеуулы олендери, Медеу Демеу Медеуұлы, Сен десе бәрін ұмытам

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]