Қазақша өлең: Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы (Тоғай бойында Едіге баласы Бейсенге біреудің айтқаны)

Қазақша өлең: Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы (Тоғай бойында Едіге баласы Бейсенге біреудің айтқаны)

Тоғай бойында Едіге баласы Бейсенге біреудің айтқаны:
Сенің әкең - Едіге,
Сарнаушы еді еліге,
Зарнамасқа бола ма,
Қызыққан соң төс пен теріге?!
Абақтыдағының зары
Бастайын «Бисмилладан» - Тәңірім атын,
Жазайын төрт жігіттің мінажатын.
Түзетіп таршылықта жаза алмадым,
Ғайыпқа ала көрмеңдер жазған хатым!
Жазуға төрт жігіттің аты керек:
Қайдатұр, Сатыпалды, Айжан, Тілек.
Жар болсын Тәңірім езі бейшараға,
Бала еді іс көрмеген Жұман, Бебек.
Мырзаға Сатыпалды жала салды
«Бір істі сен қылдың!» - деп, пәле салды.
Бір доңызды ит талап өлтіріпті,
Сол уақытта төрт жігітті ұстап алды.
Ғаламда он сегіз мың жалғыз Алла,
Бұрынғы заманымыз қайда қалды?!
Салмасын еш пендеге мұндай күнді,
Зынданға, міне, ап келіп жалғыз салды.
Құдай-ау, кез келтірдің қандай сорға,
Бастадың қандай күнді мұндай жолға?!
Бойымнан осы өкініш қайтіп кетер,
Оқ атып, қылыш шаппай, түстім қолға.
Жоқ еді бұл көпірге қылған қасым.
Көзімнен, ойлай берсем, ағар жасым!
Тұтқында қазам жетіп, әлім кетсем,
Құдайым иманымнан айырмасын!
Зынданда жата алмадым бойым тулап,
Сұм дүние, өтемісің аттай тулап?!
Серкедей қой бастаған көсем едім,
Қайран жұрт, қаламысың койдай шулап?!
Пәленің қалай десем болар атын,
Жатырмын қолға түсіп, болып қатын.
Құдай-ау, мұндай қорлық көрсеткенше,
Пендеңнің алған артық аманатын!
Кез болды жоқ орыннан бізге неге,
Бейсенді ішке айдаған жұртын жеген.
Сегіз жыл «Итжеккеннен» арман кетіп,
Ханымыз Абайділда қайдан келген?!
Жесірің Азнабайы жылқы айдаған,
Үш жерден найзасына ту байлаған.
Ол кімнің төбесіне қой қазыпты,
Тайжанды атып, Сейтенді ішке айдаған!
Біз түгіл, жұрт ұстаған Кәкен де өлген,
Біздерге бұл да шығар кезек келген!
Тұрлыбек жұрт билеген - Маңдай да өлген,
Тоқтамыс, Төбет пенен Жандай да өлген.
Ер Кәкен өліп кетті біздің сорға,
Біз түстік қапияда қазған орға.
Кісісін Баба, Бағыс жиып алып,
Ақшасын шашар еді біздің жолға!
Не етеді өзгесі өлсе, Кәкен өлмей,
Ер Кәкен жатар ма еді бізге келмей?!
Тіріде жұрт қараған, мырза Маңдай,
Шыпымси жатқаның ба, бір тырбаңбай?!
Шынымен жатырмысың, ай, Кәкен ер,
Жатыр ма шын жібермей сұм қара жер?!
Кәкен жоқ, канша айтқанмен, енді маған,
Жақсылар бұрынғы өткен, жар бола гөр!
Доңыздың етін жеген кәпір оңбас,
«Келед деп пәле қайдан?»- айтып болмас.
Бұл иттің тақылдаған айғағы жоқ,
Жар болса жалғыз тәңірім, боқ та қылмас!
Жалғанда осы қайғы естен кетпес,
Көрген жан көріпшілдік бізден өтпес.
Жүр жүзін қаптап түтін, өрт алса да,
Жар болса жалғыз Тәңірім ештеңе етпес!
Дүниенің көзім жетпес ғайыбына,
Кез болдым қандай істің айыбына?!
«Пәледен құтқар өзің, уа, Құдай!» - деп,
Біз міндік Тәуекелдің қайығына.
Сәлем де, Мәжін биге, келе көрсін,
Мәнісін мынау істің білсе көрсін!
Ит даусын түзде жүрген бөрі есітпес,
Не қылсын билер бізді өздері есен?!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мәшһүр жүсіп көпеев Тоғай бойында Едіге баласы Бейсенге біреудің айтқаны өлең стихи на казахском машхур жусуп копеев казакша олен, мәшһүр жүсіп көпеев өлеңдері, стихи на казахском языке машхур жусуп копеев, машхур жусуп копеев олендери, мәшһүр жүсіп көпеев өлеңі, мәшһүр жүсіп көпеев өлеңі, мәшһүр жүсіп көпейұлы өлеңдері, машхур жусуп копеев казакша, машхур жусуп копеев стихи, машхур жусуп копеев стихи на казахском языке, Тоғай бойында Едіге баласы Бейсенге біреудің айтқаны

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]