Қазақша өлең: Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы (Бұлақ көзі)

Қазақша өлең: Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы (Бұлақ көзі)

Шығады: "асыл - тастан, өнер - жастан",
Тәрбие тәуір болса әуел бастан.
Мысалы ғылым таппақ сол секілді:
Бұлақтың бітіп жатқан көзін ашқан.
Жігітке талаптанған жүз мың рахмет,
Әрқайда сен білгенің ырзық шашқан.
Жаны ашып нашарларға қызмет етіп,
Салса егер түзу жолға — болса адасқан.
Халық үшін жанын қиып шыққан болса,
Қайырлы әр кадамы болсын басқан!
Көрсетіп тар орында таудай қайрат,
Құтқарса мұқтаждықтан, болса адасқан!
Қазақ қор болар ма еді, көп болса егер,
Шаһбаздар осы айтқандай өнер асқан?!
Немене бұл күнгі хал ойлап тұрсақ,
Жақсы жоқ өз басынан пайдасы асқан!
Азырақ дәулет біткен кісі болса,
"Мен баймын, сен кедей!" —деп, мал санасқан.
Болмаса бірлі-жарым талапкерлер,
Жігіт жоқ өнерпазбен бір жанасқан!
Үмітсіз (һемматсыз) байланамыз, бәрі надан,
Мұхираб сан жәрдемнен аулақ қашқан.
"Анау артып, мен кейін қалам ба?" — деп,
Өзімен-өзі күншілдікпен құр таласқан.
Молдалар пайдалы іске уағыздамай,
Керексіз ұсақ сөзбен бақасласқан.
Құзғындай қызыл көрсе барар жетіп,
Кісіні көрсе билер бір дауласқан.
Бойында әділдігі ұмыт қалып,
Билікке сөз сөйлей ме жаза алмастай?!
Уа, Алла, көзім көрді мұның бәрін
Наныңыз жалған демей, шын растай!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мәшһүр жүсіп көпеев бұлақ көзі өлең стихи на казахском машхур жусуп копеев казакша олен, мәшһүр жүсіп көпеев өлеңдері, стихи на казахском языке машхур жусуп копеев, машхур жусуп копеев олендери, мәшһүр жүсіп көпеев өлеңі, мәшһүр жүсіп көпеев өлеңі, мәшһүр жүсіп көпейұлы өлеңдері, машхур жусуп копеев казакша, машхур жусуп копеев стихи, машхур жусуп копеев стихи на казахском языке, бұлақ көзі

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]