Қазақша өлең: Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы (Қара өлең)

Қазақша өлең: Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы (Қара өлең)

Үлкенге керсең қалды да,
Ас құйылды тегешке.
Үлкен билер қалды да,
Құлдар кірді кеңеске.
Кеңескенде, не десті,
Тырнадай мойнын теңесті.
Теңескенде, не десті,
Біріне-бірі серт қылды:
Үйге кедей келгенде,
Бір аяқ ас бермеске!
Өлеңтіні жағалай
Тал шығады деп едім,
Тал шыбықтай бұралып,
Сал шығады деп едім.
Соққан бейіт сықылды
Үй шығады деп едім.
Қырыққан серке бұттанып,
Би шығады деп едім.
«Жал-құйрығы қаба» - деп,
Жабыдан айғыр салмаңыз!
«Атасы бай екен» - деп,
Жаман қатын алмаңыз.
«Жал-құйрығы қаба» - деп,
Жабыдап айғыр салсаңыз,
Жаугершілік күн болса,
Ұстап мінер ат тумас!
Жаман қатын алсаңыз,
Екі кісі бас қосса,
Сүйреңдеп сөйлер,
Топқа кірер ұл тумас!
Жаман қатын алсаңыз,
Төркініне бір бармай,
Төсегіне жата алмас!
Тең кұрбысы келгенде,
Жалғанда қорлық болады,
Оңды жауап айта алмас.
Таудан аққан тас бұлақ
Тасыса, құяр теңізге.
Қанша малы көп болса,
Бай қуанар егізге.
Жаманнан жақсы туса,
Жақсыдан жаман туса.
Тартпай қоймас негізге.
Ақ дариядан үлкен дария болмас,
Тасыса, қалыбынан аспас.
Тұрымтайдан ұшқыр құс болмас,
Торғайдан басқа нәрсе алмас.
...Ақ патшадан үлкен патша болмас,
Оның жарлығы екі болмас.
Бұзау-тайынша жиылып,
Бота болған заман-ды.
Жаман-жақсы жиылып,
Адам болған заман-ды!
Жаман молда жиылып,
Молда болған заман-ды!
Жаман төре жиылып,
Қара болған заман-ды!
Оралдап қашқан ор түлкі
Өрлей қашса, ит жетпес.
Тегеуріні төрт елі,
Аспаннан түскен тас түлек.
Жерге түссе, тек кетпес.
Қас патша қарашасына:
«Ерте келдің, кешке келдің!» - деп кек етпес!
Ұлы ханның ұлы едің,
Асыл ханның сідігі едің.
Шыныаяқтың сынығы едің,
Қас патшаның өзі едің!
Мінезіңнен дәме етпеймін,
Сүйегіңнен дәме етемін!
Алыстан қара көрінсе,
Жүйрік озар созылып,
Қаба-қаба қар жауса,
Атан тартар бүгіліп.
Ендігінің жақсысын
Есіктен төрге қарап.
Отырғанын көрерсің түнеріп.
Боранына келтірер.
Аз кісілі көп кісі
Орамына келтірер.
Көп нені айтады,
Азға қылған зорлығын айтады.
Аз нені айтады,
Көптен көрген қорлығын айтады.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мәшһүр жүсіп көпеев Қара өлең өлең стихи на казахском машхур жусуп копеев казакша олен, мәшһүр жүсіп көпеев өлеңдері, стихи на казахском языке машхур жусуп копеев, машхур жусуп копеев олендери, мәшһүр жүсіп көпеев өлеңі, мәшһүр жүсіп көпеев өлеңі, мәшһүр жүсіп көпейұлы өлеңдері, машхур жусуп копеев казакша, машхур жусуп копеев стихи, машхур жусуп копеев стихи на казахском языке, Қара өлең

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]