Қазақша өлең: Доспамбет Жырау (Тоғай, тоғай, тоғай су)

Қазақша өлең: Доспамбет Жырау (Тоғай, тоғай, тоғай су)

Тоғай, тоғай, тоғай су,
Тоғай қондым, өкінбен.
Толғамалы ала балта қолға алып,
Топ бастадым, өкінбен.
Туған айдай нұрланып,
Дулыға кидім, өкінбен.
Тобыршығы биік жай салып,
Дұшпан аттым, өкінбен.
Тоғынды сарты нар жегіп,
Көш түзедім, өкінбен.
Ту құйрығы бір тұтам
Тұлпар міндім, өкінбен.
Зерлі орындық үстінде,
Ақ шымылдық ішінде
Тұлымшағын төгілтіп,
Ару сүйдім, өкінбен.
Бұрын соңды өкінбен,
Өкінбестей болғанмын.
Ер Мамайдың алдында
Шаһид кештім, өкінбен!..
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
доспамбет жырау Тоғай тоғай тоғай су өлең стихи на казахском казакша олен, доспамбет жырау өлеңдері, стихи на казахском языке доспамбет жырау, доспамбет жырау олендери, Тоғай, тоғай, тоғай су, Тоғай тоғай тоғай су

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]