Қазақша өлең: Бұқар жырау (Қалмаса қайнар азайып)

Қазақша өлең: Бұқар жырау (Қалмаса қайнар азайып)

Қалмаса қайнар азайып,
Аққан дария суалмас.
Қалмақтан алдың бір зайып,
Сүйегіңді жоғалтпас.
Абылайымсың алқатқан,
Отының болсын жантақтан.
Қатының болсын қалмақтан,
Қосының болсын қазақтан,
Сегіз қиыр шартарап,
Төрт құбылаң түгел боп,
Төріңде отыр, салмақтан.
Он екі айда жаз келер,
Көктемеде қаз келер.
Айтып-айтпай не керек,
Дәуреніңіз аз келер.
Сондай заман жеткенде,
Шаңырағың к ұ л болар.
Еліңе қауіп төнгенде,
Ата ұрпағың құл болар.
Қараларың қас болар,
Қаскөйлерің бас болар.
Орыстар келер ғалым боп,
Әулиедей көрінер.
Боптары болар сазандай,
Кітабы болар қазандай...
Ақыретқе барғанда,
Ақсүйекті қор тұтқан,
Қараны одан зор тұтқан,
Орыстарды пір тұтқан,
Сорлы болған қазағым,
Тартарсың солардан жазаңды-ай!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
бұқар жырау Қалмаса қайнар азайып өлең стихи на казахском бухар жырау казакша олен, бұқар жырау өлеңдері, стихи на казахском языке бухар жырау, бухар жырау олендери казакша, бухар жырау стихи на казахском языке, Қалмаса қайнар азайып

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]