Қазақша өлең: Бұқар жырау (Қалмаса қайнар азайып)
Қалмаса қайнар азайып,
Аққан дария суалмас.
Қалмақтан алдың бір зайып,
Сүйегіңді жоғалтпас.
Абылайымсың алқатқан,
Отының болсын жантақтан.
Қатының болсын қалмақтан,
Қосының болсын қазақтан,
Сегіз қиыр шартарап,
Төрт құбылаң түгел боп,
Төріңде отыр, салмақтан.
Он екі айда жаз келер,
Көктемеде қаз келер.
Айтып-айтпай не керек,
Дәуреніңіз аз келер.
Сондай заман жеткенде,
Шаңырағың к ұ л болар.
Еліңе қауіп төнгенде,
Ата ұрпағың құл болар.
Қараларың қас болар,
Қаскөйлерің бас болар.
Орыстар келер ғалым боп,
Әулиедей көрінер.
Боптары болар сазандай,
Кітабы болар қазандай...
Ақыретқе барғанда,
Ақсүйекті қор тұтқан,
Қараны одан зор тұтқан,
Орыстарды пір тұтқан,
Сорлы болған қазағым,
Тартарсың солардан жазаңды-ай!
Аққан дария суалмас.
Қалмақтан алдың бір зайып,
Сүйегіңді жоғалтпас.
Абылайымсың алқатқан,
Отының болсын жантақтан.
Қатының болсын қалмақтан,
Қосының болсын қазақтан,
Сегіз қиыр шартарап,
Төрт құбылаң түгел боп,
Төріңде отыр, салмақтан.
Он екі айда жаз келер,
Көктемеде қаз келер.
Айтып-айтпай не керек,
Дәуреніңіз аз келер.
Сондай заман жеткенде,
Шаңырағың к ұ л болар.
Еліңе қауіп төнгенде,
Ата ұрпағың құл болар.
Қараларың қас болар,
Қаскөйлерің бас болар.
Орыстар келер ғалым боп,
Әулиедей көрінер.
Боптары болар сазандай,
Кітабы болар қазандай...
Ақыретқе барғанда,
Ақсүйекті қор тұтқан,
Қараны одан зор тұтқан,
Орыстарды пір тұтқан,
Сорлы болған қазағым,
Тартарсың солардан жазаңды-ай!
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақша өлең: Үмбетей жырау (Он екі айда жаз келер)
» Қазақша өлең: Үмбетей жырау (Төріңде жатып салмақтан)
» Қазақша өлең: Бұқар жырау (Айналасын жер тұтқан)
» Қазақша өлең: Шал ақын Тілеуке Құлекеұлы (Бақ, дәулет, мал бітерде ырыс қонар)
» Қазақша өлең: Бұқар жырау (Ай не болар күннен соң?)
» Қазақша өлең: Үмбетей жырау (Он екі айда жаз келер)
» Қазақша өлең: Үмбетей жырау (Төріңде жатып салмақтан)
» Қазақша өлең: Бұқар жырау (Айналасын жер тұтқан)
» Қазақша өлең: Шал ақын Тілеуке Құлекеұлы (Бақ, дәулет, мал бітерде ырыс қонар)
» Қазақша өлең: Бұқар жырау (Ай не болар күннен соң?)
Іздеп көріңіз: