Қазақша өлең: Бұқар жырау (Кәрілік шіркін не қылмас)

Қазақша өлең: Бұқар жырау (Кәрілік шіркін не қылмас)

Кәрілік шіркін не қылмас,
Аяғың қалар басылмай.
Қолыңа таяқ ұстатар,
Бүгілер белің жазылмай.
Келіндерің келгенде,
Аузың қалар ашылмай.
Уақыттың ісі қиын-ақ,
Кәрілік әбден жеткен соң,
Айтып-айтпай не керек,
Мезгіліміз жеткен соң.
Кеудедегі жалын-өрт
Су құйылып өшкен соң.
Жастық дәурен, жалын мәрт
Басымыздан көшкен соң.
Айтуға бәрін әлім жоқ,
Уақытым менің өткен соң.
Кәрілік шіркін не қылмас,
Мезгіліміз жеткен соң.
Қатты тағам шайнарға
Мен пақырда тіс бар ма?
Арыстан ем айбарлы,
Бұл күнде қауқар, күш бар ма?
Кәрілік шіркін не қылмас
Мезгіліміз жеткен соң.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
бұқар жырау Кәрілік шіркін не қылмас өлең стихи на казахском бухар жырау казакша олен, бұқар жырау өлеңдері, стихи на казахском языке бухар жырау, бухар жырау олендери казакша, бухар жырау стихи на казахском языке, Кәрілік шіркін не қылмас

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]