Қазақша өлең: Шәмші Қалдаяқов (Әнім сен едің)

Қазақша өлең: Шәмші Қалдаяқов (Әнім сен едің)

Құрбым, жан құрбым, бала кезімнен
Бақыт көріп ем қара көзіңнен
Кеттің ұмытып, мәңгі ұмыттың
Жібін үздің ғой нәзік үміттің

Әнім сен едің кеште салатын
Содан жас жаным ләззат алатын
Шамын басқа үйдің жақтың аяулым
Сендей бақытты қайдан табармын

Бақтар гүлдеді біздің қырдағы
Жаңбыр жауды да, көктем жырлады
Өткен күндерден бүгін жоқ белгі
Тұрып қасыңда көрдім көктемді

Тағы келді ғой, құстар ән салып
Тұрмын оларды жалғыз қарсы алып
Сенсіз атты таң, сенсіз батты күн
Мәңгі ұмыттың мені шаттығым
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шәмші қалдаяқов Әнім сен едің өлең стихи на казахском шамши калдаяков казакша песня, шәмші қалдаяқов өлеңдері әні, стихи песни на казахском языке шамши калдаяков, шамши калдаяков олендери песня текст, Әнім сен едің

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]