Қазақша өлең: Шәмші Қалдаяқов (Әкелер туралы ой)
![Қазақша өлең: Шәмші Қалдаяқов (Әкелер туралы ой)](https://www.zharar.com/uploads/posts/2016-08/1470497245_d9a0255236d7e5dbd5b932317007c101_xl.jpg)
Өмірдің көрген талай жол торабын,
Әкеден кім аяйды қолда барын.
Әкенің ақ тілегін тілеу парыз,
Мен бүгін әкемді айтып толғанамын.
Ыстық – ау кім-кімге де әке деген,
Суыққа шалындырмай мәпелеген,
Өмірдің соқпағынан өрге тартып,
Алдымен адам бол деп жетелеген.
Тағдырдың асып тасып жартасынан,
Біз үшін түскен майдан ортасына.
Алаңсыз сауық-сайран салып жүрміз,
Біз бүгін әкелердің ортасында.
Әкеден кім аяйды қолда барын.
Әкенің ақ тілегін тілеу парыз,
Мен бүгін әкемді айтып толғанамын.
Ыстық – ау кім-кімге де әке деген,
Суыққа шалындырмай мәпелеген,
Өмірдің соқпағынан өрге тартып,
Алдымен адам бол деп жетелеген.
Тағдырдың асып тасып жартасынан,
Біз үшін түскен майдан ортасына.
Алаңсыз сауық-сайран салып жүрміз,
Біз бүгін әкелердің ортасында.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Іздеп көріңіз: