Қазақша өлең: Шәмші Қалдаяқов (Ақ маңдайлым)

Қазақша өлең: Шәмші Қалдаяқов (Ақ маңдайлым)

Көк майса Алатаудың бөктерінде,
Гүл тердік жастық шақтың көктемінде.
Алдымнан арманымдай жарқ етіп ең,
Қолымды жеткізгендей көкте күнге.

Қайырмасы:

Айналдым, ақ маңдайлым,
Ақылдым, бал таңдайлым.
Жалынды жас дәуренде,
Ұялма "жан сәулем" де.
Жақсылықтың жоқ, сәулем, ерте-кеші,
Жадырашы, назданшы, еркелеші.

"Сен" деген ыстық сөзің артық еді,
Өзіңе іштей мені тартып еді.
Өзгеге өзін қимас өр көңілім,
Лебіңмен қорғасындай балқып еді.

Қайырмасы:

"Сен" деген ыстық сөзің артық еді,
Өзіңе іштей мені тартып еді.
"Сіз" деген салқын сөзден қорқамын ғой,
"Сен" десең көңіл қайта шалқыр еді.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шәмші қалдаяқов Ақ маңдайлым өлең стихи на казахском шамши калдаяков казакша олен, стихи на казахском языке шамши калдаяков, шамши калдаяков олендери текст, шәмші қалдаяқов өлеңдері текст, Ақ маңдайлым

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]