Қазақша өлең: Шәмші Қалдаяқов (Шынарым)

Қазақша өлең: Шәмші Қалдаяқов (Шынарым)

Қайырмасы:
Әлде сен жырмысың еркелеп жүрмісің
Сырмысың жүректі шарпыған
Әлде сен жырмысың еркелеп жүрмісің
Сырмысың жүректі шарпыған

Даланың гүлдері шешек жарған
Өзіңді аңсатып барады
Көктемдей жайнайды асыл арман
Дел-сал ғып самалдың шарабы
Өмірдің сәні не сен болмасаң
Әнім боп шырқайсың сен қашан

Қайырмасы:
Әлде сен жырмысың еркелеп жүрмісің
Сырмысың жүректі шарпыған
Әлде сен жырмысың еркелеп жүрмісің
Сырмысың жүректі шарпыған

Аяулым қыз боп сен тумасаң
Алтын таң ағарып атпастай
Аяулым күлімдеп сен тұрмасаң
Аққу да сыңарын таппастай
Өмірдің сәні не сен болмасаң
Әнім боп шырқайсың сен қашан

Қайырмасы:
Әлде сен жырмысың еркелеп жүрмісің
Сырмысың жүректі шарпыған
Әлде сен жырмысың еркелеп жүрмісің
Сырмысың жүректі шарпыған

Қаздарда барады қосақтанып
Қарлығаш қуалап сыңарын
Билейді гүлдер де шашақтанып
Қайдасың сен менің шынарым
Өмірдің сәні не сен болмасаң
Әнім боп шырқайсың сен қашан

Қайырмасы:
Әлде сен жырмысың еркелеп жүрмісің
Сырмысың жүректі шарпыған
Әлде сен жырмысың еркелеп жүрмісің
Сырмысың жүректі шарпыған
Сырмысың жүректі шарпыған
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шәмші қалдаяқов Шынарым өлең стихи на казахском шамши калдаяков казакша песня, шәмші қалдаяқов өлеңдері әні, стихи песни на казахском языке шамши калдаяков, шамши калдаяков олендери песня текст, Шынарым

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]