Қазақша өлең: Шәмші Қалдаяқов (Мойынқұмда)

Қазақша өлең: Шәмші Қалдаяқов (Мойынқұмда)

Мойынқұмда ел жайлауы
Ел жайлауы көк шалғын
Хат тауы мен Жамбыл тауы
Кең жайлауы достардың

Қайырмасы:
Мойынқұмда
Мойынқұмда
Мойынқұмда жайлауым
Достарымның дидары
Жайдары, жайдары
Ей, ару қыздар
Ей, ару қыздар
Ару қыздар
Сұлу қыздар - сырласым
Өздеріңді құрбың жырласын!

Қалалардай сәулеті бар
Қарабөгет, Талғабай
Ағыл-тегіл дәулеті бар
Шудың бойы малға бай

Қайырмасы:
Мойынқұмда
Мойынқұмда
Мойынқұмда жайлауым
Достарымның дидары
Жайдары, жайдары
Ей, ару қыздар
Ей, ару қыздар
Ару қыздар
Сұлу қыздар - сырласым
Өздеріңді құрбың жырласын!

Жыр алыбы Алатаудан
Елдің даңқын шарлатты
Ерлері көп ер атанған
Жазылбектей ардақты

Қайырмасы:
Мойынқұмда
Мойынқұмда
Мойынқұмда жайлауым
Достарымның дидары
Жайдары, жайдары
Ей, ару қыздар
Ей, ару қыздар
Ару қыздар
Сұлу қыздар - сырласым
Өздеріңді құрбың жырласын!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шәмші қалдаяқов Мойынқұмда өлең стихи на казахском шамши калдаяков казакша олен, шәмші қалдаяқов өлеңдері, стихи на казахском языке шамши калдаяков, шамши калдаяков олендери, Мойынқұмда

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]