Қазақша өлең: Шәмші Қалдаяқов (Байқоңыр)

Қазақша өлең: Шәмші Қалдаяқов (Байқоңыр)

Арайлы аңсаған асыл армандарымдай
Әлемге аян Байқоңыр
Алатау, Алтайдың жасыл ормандарындай
Кең далам менің - жайлы өңір

Қайырмасы:
Саяңда Байқоңыр
Құлашын жайды өмір
Жүзіңді самал боп аймалайын
Космостың заманы
Дәуірдің жаңа әні
Қазақтың жерінен айналайын

Аттанған аспанға қыран отандастарым
Қиянға самғап жол салған
Өздері ұшырып менің шопан достарым
Осында қайта қарсы алған

Қайырмасы:
Саяңда Байқоңыр
Құлашын жайды өмір
Жүзіңді самал боп аймалайын
Космостың заманы
Дәуірдің жаңа әні
Қазақтың жерінен айналайын

Бұл жерді жайлаған менің абзал достарым
Бойында толы жақсы арман
Еңбектің, ерліктің айтып алғаш дастанын
Достықтың әні басталған

Қайырмасы:
Саяңда Байқоңыр
Құлашын жайды өмір
Жүзіңді самал боп аймалайын
Космостың заманы
Дәуірдің жаңа әні
Қазақтың жерінен айналайын
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шәмші қалдаяқов Байқоңыр өлең стихи на казахском шамши калдаяков казакша олен, шәмші қалдаяқов өлеңдері, стихи на казахском языке шамши калдаяков, шамши калдаяков олендери, Байқоңыр

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]