Қазақша өлең: Шәмші Қалдаяқов (Теріскей)

Қазақша өлең: Шәмші Қалдаяқов (Теріскей)

Байлығы жатқан жалпақ жерге сыйман
Кеудесі әнге сыймай
Күлімдеп тұрған менің Теріскейім
Күнгейдің құдасындай, сырласындай

Қайырмасы:
Теріскей, айналайын, келбетіңнен
Сен бізге ақ бесіксің тербетілген

Қаратау, Келіншектау, Шолаққорған
Қызылкөл босамайды қонақтардан
Қарақұр Сарыарқаға сәлем айтар
Қаптаған Қаратауда бұлақтардан

Қайырмасы:
Теріскей, айналайын, келбетіңнен
Сен бізге ақ бесіксің тербетілген

Заманның көріп бірге самғағанын
Саялы сахарама таң қаламын
Қалқаға Күнгейдегі жетер ме екен
Шалқыта Теріскейден салған әнім?

Қайырмасы:
Теріскей, айналайын, келбетіңнен
Сен бізге ақ бесіксің тербетілген
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шәмші қалдаяқов Теріскей өлең стихи на казахском шамши калдаяков казакша олен, шәмші қалдаяқов өлеңдері, стихи на казахском языке шамши калдаяков, шамши калдаяков олендери, Теріскей

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]