Қазақша өлең: Шернияз Жарылғасұлы (Тостағанды қолға алып)

Қазақша өлең: Шернияз Жарылғасұлы (Тостағанды қолға алып)

Тостағанды қолға алып,
Айқай салған жиырма бес;
Шаншатұғын найзадай
Қылтың еткен жиырма бес;
Шабатұғын қылыштай
Жылтың еткен жиырма бес.
Жиырма бестен өткен соң,
Орда бұзған отыз бес.
Отыз бестен өткен соң,
Қынсыз қылыш қырық бес.
Қырық бестен өткен соң,
Емен шоқпар елу бес.
Елу бестен өткен соң,
Әрмен-бермен алпыс бес.
Жетпіс беске келген соң,
Сексен беске жеткен соң,
Ұлың жүрер ұялмай,
Қызың жүрер тіл алмай,
Сол мезгілде жүрерсің
Белге соққан жыландай.
Сексен бестен өткен соң,
Тоқсан беске кеткен соң,
Шөңге болар түсіңіз,
Жылап тұрар ішіңіз,
Бойдан кетер күшіңіз.
Сол мезгілде болғай - ау
Сыйлайтүғын кісіңіз.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шернияз жарылғасұлы Тостағанды қолға алып өлең стихи на казахском шернияз жарылгасулы казакша олен, шернияз жарылғасұлы өлеңдері, стихи на казахском языке шернияз жарылгасулы, шернияз жарылгасулы олендери, шернияз жарылғасұлы өлеңдер жинағы, Тостағанды қолға алып

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]