Қазақша өлең: Шернияз Жарылғасұлы (Көл қылып құйдым талай судай ағын)
![Қазақша өлең: Шернияз Жарылғасұлы (Көл қылып құйдым талай судай ағын)](https://www.zharar.com/uploads/image9.jpg)
Көл қылып құйдым талай судай ағын
Сөйлей көр өлмей тұрып, тіл мен жағым
Дүниенің машақатын шектім талай,
Алмасын тірлікте ердің бағын.
Қызыл тіл сөз сөйлесем безерілген,
Заманы жылдан - жылға шегерілген.
Әр жерде алқа көрсем, тұра алмаймын,
Осындай қызыл тілге шеберімнен.
Өзім де сөз айтуға шебер - ақпын,
Сөйлеуге ернім епті емерілген.
...Мал қолда, жан ұяда тұрған шақта,
Тұрады айтқан сөзің жарасып - ай.
Немене айтып - айтпай, Тәңір деген,
Дүние бастан өтіп барасың - ай.
Сөйлей көр өлмей тұрып, тіл мен жағым
Дүниенің машақатын шектім талай,
Алмасын тірлікте ердің бағын.
Қызыл тіл сөз сөйлесем безерілген,
Заманы жылдан - жылға шегерілген.
Әр жерде алқа көрсем, тұра алмаймын,
Осындай қызыл тілге шеберімнен.
Өзім де сөз айтуға шебер - ақпын,
Сөйлеуге ернім епті емерілген.
...Мал қолда, жан ұяда тұрған шақта,
Тұрады айтқан сөзің жарасып - ай.
Немене айтып - айтпай, Тәңір деген,
Дүние бастан өтіп барасың - ай.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Іздеп көріңіз: