Қазақша өлең: Бернияз Күлеев ()

Қазақша өлең: Бернияз Күлеев ()

Көңіл деген дария,
Желсіз күнде жай жатқан.
Кейде соғып, дариға,
Ой дауыл ғой оятқан.
Дауыл ой соқса өкіріп,
Ұйтқыр көңіл дария,
Толқыны көкке секіріп,
Тар көрінер дүние.
Дариға, дауыл ойы не,
Неге тыныш жатпайды,
Жел, дауылға көнгенше,
Мұз боп неге қатпайды!
Балдыр басып жәй жатқан,
Толқынсыз судың несі сән?
Қайғысыз, ойсыз ант атқан,
Өлген жанның несі жан?
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
бернияз күлеев Көңіл өлең стихи на казахском бернияз кулеев казакша олен, бернияз күлеев өлеңдері, стихи на казахском языке бернияз кулеев, бернияз кулеев олендери, berniyaz, Көңіл

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]