Қазақша өлең: Бернияз Күлеев (Ғашығыма)
Жаңа гүлдеп жайнаған жас өмірім,
Жаңа көріп жалғанның жарық күнін.
Таудай талап, дариядай үмітпенен,
Желкілдетіп жай тапқан ғашық гүлім.
Жас жүректі жұбатып сол үмітпен,
Күлімдейді көр көңілім керіліп кең.
Иманым да, арым да - шын махаббат,
Өмірімше ол маған ұжмақпен тең.
Махаббатан жалғанда басқа бар нем,
Жүрегімнің дертіне жалғыз сол ем.
Үнсіз жерде өмірімше ойын - күлкі
Арам маған жас жаным өлгенге тең.
Жас өмірдің сеземін түрлі мәнін,
Қайғы, қасірет, шын қызық, көрік сәнін.
Сүюім де алладан, күлуім де,
Оған қарсы ететін бар ма амалым!
Сіңе қайнап, сүйекке бітер сүю,
Маған қиын қайтсем де оны тию.
Ол жоқ жерде өлгенше рахат та жоқ.
Амалым жоқ қайтейін жану, күю.
Тағдыр ісі, бұл жерде мен айыпсыз
Жібіместей жаныма жіберген сіз.
Балдырғандай балқыған жүрегіме,
Жарып салған махаббат мәңгілік із.
Оған енді ем таппай жазылу жоқ,
Емсіз жерде өмірлік қадалған оқ.
Жанын жайлап жарасын жазылдырар,
Тек махаббат екенін білемін құп.
Жалғыз менде демеймін ол махаббат,
Өтті бастан оны айтып өртенер шақ.
Жаным, тәнім, өмірім, айым, күнім,
Махаббаттың қолында екені хақ.
Тағы айтамын - тағдырдан мұның бәрі,
Бірден бірге тереңге тартар әні.
Махаббаттың лебінен басқа мұңы,
Жазатұғын жалғанда бар ма дәрі?
Ант етемін, өзге ем - оның емі,
Оттай қаулап жандырар шалса буы.
Ол болмаса, орынды өзге дауа,
Тек жас жанның қыршыннан қырқылуы.
Бәрін білем, бәріне иланамын,
Шын түсініп сеземін достың халін.
Достықтан да махаббат өте күшті,
Оны билеп тоқтатар емес жаным.
Алдау, арбау екен деп ойыңа алма,
Алдамасқа ант етем ар, иманға.
Қалам, қағаз, қайғы, зар, сырлы өлең,
Бәрі куә, бастығы Алла - Алла!
Жаңа көріп жалғанның жарық күнін.
Таудай талап, дариядай үмітпенен,
Желкілдетіп жай тапқан ғашық гүлім.
Жас жүректі жұбатып сол үмітпен,
Күлімдейді көр көңілім керіліп кең.
Иманым да, арым да - шын махаббат,
Өмірімше ол маған ұжмақпен тең.
Махаббатан жалғанда басқа бар нем,
Жүрегімнің дертіне жалғыз сол ем.
Үнсіз жерде өмірімше ойын - күлкі
Арам маған жас жаным өлгенге тең.
Жас өмірдің сеземін түрлі мәнін,
Қайғы, қасірет, шын қызық, көрік сәнін.
Сүюім де алладан, күлуім де,
Оған қарсы ететін бар ма амалым!
Сіңе қайнап, сүйекке бітер сүю,
Маған қиын қайтсем де оны тию.
Ол жоқ жерде өлгенше рахат та жоқ.
Амалым жоқ қайтейін жану, күю.
Тағдыр ісі, бұл жерде мен айыпсыз
Жібіместей жаныма жіберген сіз.
Балдырғандай балқыған жүрегіме,
Жарып салған махаббат мәңгілік із.
Оған енді ем таппай жазылу жоқ,
Емсіз жерде өмірлік қадалған оқ.
Жанын жайлап жарасын жазылдырар,
Тек махаббат екенін білемін құп.
Жалғыз менде демеймін ол махаббат,
Өтті бастан оны айтып өртенер шақ.
Жаным, тәнім, өмірім, айым, күнім,
Махаббаттың қолында екені хақ.
Тағы айтамын - тағдырдан мұның бәрі,
Бірден бірге тереңге тартар әні.
Махаббаттың лебінен басқа мұңы,
Жазатұғын жалғанда бар ма дәрі?
Ант етемін, өзге ем - оның емі,
Оттай қаулап жандырар шалса буы.
Ол болмаса, орынды өзге дауа,
Тек жас жанның қыршыннан қырқылуы.
Бәрін білем, бәріне иланамын,
Шын түсініп сеземін достың халін.
Достықтан да махаббат өте күшті,
Оны билеп тоқтатар емес жаным.
Алдау, арбау екен деп ойыңа алма,
Алдамасқа ант етем ар, иманға.
Қалам, қағаз, қайғы, зар, сырлы өлең,
Бәрі куә, бастығы Алла - Алла!
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: