Қазақша өлең: Бернияз Күлеев (Көңіліме)

Қазақша өлең: Бернияз Күлеев (Көңіліме)

Айнусыз алғыр көңілім,
Араның әбден ашылсын.
Жырларың буған сөз гүлі,
Будақ - будақ шашылсын.
Суарған семсер сияқты,
Жастықта жатпа, жайраңда.
Найзадай алтын қияқты
Майданға түсіп маймаңда.
Өмірдің қойған сертіне,
Әр кезде, көнбе, берілме.
Ем болар жырла дертіңе,
Көкірегіңді керіл де.
Күл, ойна, жыла қайғыға,
Ет болса ойға алғаның.
Аз күн жалған зайғы да,
Қалмасын құттай арманың.
Зарла да жібер, жыр жырлап,
Қиялдың шиі шешілсін,
Бұлбұлша сайра зар зарлап,
Көсем тілің көсілсн.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
бернияз күлеев Көңіліме өлең стихи на казахском бернияз кулеев казакша олен, бернияз күлеев өлеңдері, стихи на казахском языке бернияз кулеев, бернияз кулеев олендери, Көңіліме

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]