Қазақша өлең: Базар Жырау Оңдасұлы (Халық үшін туған қайратты ер)
Жігіт жауға шаппай ма
Толғаулы найза, бір атпен?
Күдері баулы көк шыбық,
Сыпырма қылыш қынаппен.
Халқы үшін туған қайратты ер
Айырмайды жақынын,
Бірдей көріп жырақпен.
Аңдасаң, ақыл тең болмас,
Алысқан жерден жығатын
Денеге біткен қуатпен.
Жартақан өзі жар болса,
Тәңірі берген жігіттің -
Өтеді күні мұратпен.
Ләззатын сөздің парқ еткен,
Түсініп тыңдар құлақпен.
Топтан озған тұлпардай,
Егесі жерде бойымды -
Емеспін, сірә, сынатқан.
Келіспесе, «қой» деңдер,
Келімін таппай сөз айтып,
Ретке келмес лаққан.
Барымды базар етейін,
Өлшеулі өмір біткен күн,
Нешеулердің жалғызын
Жалынан тартып құлатқан.
Толғаулы найза, бір атпен?
Күдері баулы көк шыбық,
Сыпырма қылыш қынаппен.
Халқы үшін туған қайратты ер
Айырмайды жақынын,
Бірдей көріп жырақпен.
Аңдасаң, ақыл тең болмас,
Алысқан жерден жығатын
Денеге біткен қуатпен.
Жартақан өзі жар болса,
Тәңірі берген жігіттің -
Өтеді күні мұратпен.
Ләззатын сөздің парқ еткен,
Түсініп тыңдар құлақпен.
Топтан озған тұлпардай,
Егесі жерде бойымды -
Емеспін, сірә, сынатқан.
Келіспесе, «қой» деңдер,
Келімін таппай сөз айтып,
Ретке келмес лаққан.
Барымды базар етейін,
Өлшеулі өмір біткен күн,
Нешеулердің жалғызын
Жалынан тартып құлатқан.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақша өлең: Базар Жырау Оңдасұлы (Екі талай жер болса)
» Қазақша өлең: Базар Жырау Оңдасұлы (Жамиығы қазақ бір туған)
» Қазақша өлең: Базар Жырау Оңдасұлы (Ойналық та күлелік)
» Қазақша өлең: Базар Жырау Оңдасұлы (Жігіттік)
» Қазақша өлең: Базар Жырау Оңдасұлы ("Сөйле" десең, сөйлейін)

Іздеп көріңіз: