Қазақша өлең: Базар Жырау Оңдасұлы (Жігіттік)

Қазақша өлең: Базар Жырау Оңдасұлы (Жігіттік)

Жігіттіктің екпіні -
Қаптаған қара дауылдай!
Күркіреп жауған көктемде
Қара нөсер жауындай!
Тұтынса берік, тозбайтын -
Күдері қылыш бауындай!
Жігіттікте қайғы жоқ,
Қадірін біліп күте алса,
Он екі мүше сауынды - ай.
Аңсары ауып сол кезде,
Әркімдер жеңсік болды -
Жаңа піскен қауындай.
Безенген жігіт сыналар -
Қарындастың дауында - ай.
Басылады бір күні
Бірте - бірте сол дәуір -
Мұнарланған сағымдай.
Желдей заулап басыңнан,
Өте шығад шұбалған -
Бәйге атының шаңындай.
Алладан ақуал келгенде,
Батырлар тұрмас бағында - ай.
Жаһанды жалғыз билеген
Патшалар тұрмас тағында - ай.
Алаш дұшпан, мысалы,
Аңдысып тұрған көзіңнің
Қарасы мен ағындай.
Мен сендерді көрмесем,
Қалайынша сондықтан
Шыдайын не ғып сағынбай?
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
базар жырау оңдасұлы Жігіттік өлең стихи на казахском базар жырау казакша олен, базар жырау оңдасұлы өлеңдері, стихи на казахском языке базар жырау, базар жырау олендери, Жігіттік

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]