Өлең: Сыныптас қыздарыма

Өлең: Сыныптас қыздарыма

Жас ұлғайды,бірталай белең астым
Көрдім өмір-сынақтың үстін-астын
Бәрін айтта-бірін айт, бала кезден
Орны бөлек қашанда сыныптастың

Бүгін міне аялап,қолға алып
Қарап тұрмын суретке назар салып
Ескі сурет-естелік, қымбат екен
Қыздарымды сыныптас көрдім танып

Көзің тоймас қаншама қарағанмен
Сөзің сірә жетер ме өлең-әнмен
Жанарлары тұп-тұнық мөлдірейді
Түскен шықтай рауандап атқан таңмен

Неткен сұлу едіңдер аруларым
Сөзім жетпей сендерге қалуда тым
Мені қойшы, сендерге теңеу таппас
Омар Хаям, Фирдоуси, Ғафурларың

Білем қазір барлығың үлкейдіңдер
Тұрмыс құрып, бала-шаға, көркейдіңдер
Бірақ бізге, сыныптас ұлдарыңа
Сол баяғы құлпырған гүлдейсіңдер!

Нұрсат Мүбәрәк ұлы
08.11.2018 жыл
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ұлғайды, қашанда, бірталай, сыныптас, сендерге, суретке, тұрмын, Қарап, қолға, Бүгін, сыныптастың, аялап, бөлек, үстін, белең, астым, кезден, сынақтың, Көрдім, астын

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]